СҚО полицейлері Instagram арқылы жасалған интернет-алаяқтықты ашты

СҚО полицейлері Instagram арқылы жасалған интернет-алаяқтықты ашты

Интернет-алаяқтық — қылмыстың жылдам дамып келе жатқан түрі.  Бұндай қылмысты ашу кезінде бірқатар қиындықтар туындайды, бастысы - қаскөйлер басқа өңірлерде немесе басқа мемлекетте болуы мүмкін. Дей тұрғанымен, полицейлер күдіктілерді қысқа мерзім ішінде анықтап жатады.

Маусым айының соңында Петропавл тұрғыны әйелдер киімі туралы хабарландырулар жарияланған Instagram әлеуметтік желісіндегі топтан – «интернет-дүкеннен» екі көйлек пен костюмге тапсырыс берген. Жәбірленуші тауардың толық құнын – 98 мың теңгені аударып жіберген. Осыдан кейін «сатушы» тапсырыстың жақын арада жеткізілетіні туралы уәде беріп, байланысқа шықпай қойған. 12 шілде күні алданған әйел Петропавл қ. Полиция басқармасына жүгінген. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі  «Алаяқтық» бойынша енгізілді. Петропавлдық жедел уәкілдер Қарағанды қ. 32 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысын анықтады.

«Күдікті Instagram-дағы аталған топтың әкімшісі, - деді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. – Оны қарағандылық әріптестер ұстады. Оларға аталған факті бойынша материалдар жіберіледі. Оның алаяқтық әрекеті тек Петропавлда ғана жасалмаған, Қазақстан бойынша тағы да бірқатар эпизодтар бар. Баршаңызды интернетте тауар сатып алған кезде сақ болуға, алдын ала төлемге келіспеуге шақырамыз. Сатушылармен бейне қоңырау арқылы сөйлескен жөн – тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда интернет-алаяқтар бұлай сөйлесуден бас тартады». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив