Мәжбүрлі еңбекке тартылған азамат туған ауылында тазалық жұмыстарын атқарып жүр

Мәжбүрлі еңбекке тартылған азамат туған ауылында тазалық жұмыстарын атқарып жүр

Шиелі ауданының тұрғыны есірткі бабымен істі болып, сот үкіміен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде өтейді. Жуырда бұл азамат сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 73 бабына сәйкес бас бостандығын айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, Шиелі аудандық пробация есебіне алынады. Сот қаулысында сотталған азаматқа жылына жергілікті атқарушы органда жүз сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту көрсетілген. Сот қаулысының талаптарын орындау мақсатында, Шиелі кенті әкімшілігі сотталған азаматқа қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын атқару бойынша өкім шығарады. Қазіргі таңда бұл азамат ауылында қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын атқарып жүр.

«Мен есірткі сақтағаным үшін, сотты болдым. Осы жасаған қылмысым үшін сот қаулысын тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды. Қателігімді енді қайталамаймын, – дейді пробация есебіндегі азамат.

«Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуға жергілікті атқарушы органдар ҚР ҚАК-нің 57-59 баптарына сәйкес ұйымдастырады. Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті себепсіз атқармау жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болып есептеледі. Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 70 сотталған есепте тұр. Оның ішінде 44 сотталған бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, оның 32-сі мәжбүрлі еңбекке тарту бойынша  есепке алынған. Сотталғандар ұрлық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, есірткі затын тұтыну, алаяқтық секілді құқық бұзушылықтарына сәйкес жазаларын орындауда»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры С.Қалмағанбетов. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив