Электрондық сауда бойынша салықтық жеңілдіктер

Электрондық сауда бойынша салықтық жеңілдіктер

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Салық кодексімен интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік/жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер қарастырылған деп хабарлайды.

Бұл жағдайда келесі шарттарға сай болу керек:

  1. тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық түрде жүзеге асырылады;
  2. тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;
  3. тауарларды сатып алушыға (алушыға) меншікті жеткізу қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы.

 Бұл ретте, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін табыс жылдық жиынтық кірістің кемінде 90%-ын құрауы тиіс.

Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші салық жеңілдіктерін қолдануға құқылы емес.

Электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар үшін жеңілдіктер алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жіберу қажет.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив