Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі азаматтардың  құқықтары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі азаматтардың құқықтары

Күнделікті уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің не екенін түсінбей, біз кез келген мәселелер мен сұрақтардың (мысалы медициналық, білім беру, мүліктік, рұқсат беру т.б) шешімін іздеп мемлекеттік мекемелерге жиі жүгінеміз.

Қазақстан Республикасы аумағында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген.

Әрбір азамат қызмет беруші көрсетуге міндетті қызметтерді біліп қана қоймай, оны мүмкіндігінше өз деңгейінде сапалы болуын да талап етуі қажет. Ол сыбайлас жемқорлықтың да көрінісін төмендетеді.

Сонда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде біздің кандай құқықтарымыз бар?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқығы:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға;

-стандартқа сәйкес сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін жақсартуға;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелеріне, көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезіндегі көрсетілетін қызмет берушінің міндеттері:

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Стандартқа қатаң сәйкестілікте беру;

-мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау;

-ақпаратты жүйелерде бар мәліметтерді Сізден оларды ұсынуды талап етпей алу (мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші деректер қорына қол жеткізе алатын жағдайда);

-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат (талон) беру (стандартта көзделген жағдайда);

-Сіздің шағымыңызды қарастыру және оның нәтижесі туралы Сізге уақтылы хабарлау;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде Сіздің құқығыңыз бұзылған болса оны қалпына келтіру;

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзған,

оның рәсімдерін сақтамаған көрсетілетін қызметтерді берушілерге тәртіптік

және әкімшілік жауаптар қолданылады.

   Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерді алу кезінде құқықтарыңыз бұзылса (құжаттарды негізсіз қабылдамау, стандартта көрсетілмеген құжаттарды (артық) талап ету, жауап кешіктіріліп, толық және анық ақпарат ұсынбау), ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласуларыңызға  болады:

Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 4, тел: 8 (7232) 76-50-82, эл.пошта: usluga_vko@mail.ru 

 Ы.Сайраубек,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

ШҚО бойынша департаментінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив