Түзеу мекемесі қызметкерлері донор болды

Түзеу мекемесі қызметкерлері донор болды

Бүгін, яғни 25.06.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды. Бұл полиция қызметкерлері  үшін дәстүрлі шара. Олар жылына екі мәрте облыстық қан орталығына келуді дағдыға айналдырған. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарған.

30-ға жуық түзеу мекемесі қызметкерлері өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін тексертті. Қан қысымы өлшеніп, түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталды. Содан кейін ғана донор болу мүмкіндігі беріледі. Олардың әрқайсысы 450 граммнан қан тапсырды.

“Өзімді жақсы сезінемін, көңіл-күй де жақсы. Донор болу ол сауапты істердің бірі. Көпшілігімізге белгілі бүгінде ауруханаларда өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама науқастар бар. Жол-көлік апаттарының салдарынан жоғалтылған қанды қайта қалпына келтіру де оңай емес. Осындай сәттерде біздің де бірауыздан ерікті түрде қан бергеніміз бір жағынан азаматтық борышымыз болса, бір тараптан мұқтаж жандарға деген көмегіміз, -деді ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Ауешов.

Түзеу мекемесі қызметкерлері қан қорын толтырып, науқастарға көмек қолын созу үшін әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив