ЕЛОРДАДА ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ҰБТ ӨТКІЗУ БАРЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

ЕЛОРДАДА ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ҰБТ ӨТКІЗУ БАРЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Мемлекеттік білім беру грантын беруге арналған ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылы алғаш рет 15 сәуір мен 30 маусым аралығында электрондық форматта өткізіледі, бұл емтихан рәсімінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына арнайы мониторингтік топтың және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері кірді.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты емтихан тапсыру кезінде белгіленген ережелердің сақталуына мониторинг жүргізу болып табылады. Қандай да бір бұзушылықтар немесе көтермелеулер анықталған жағдайда жауапты тұлғаларға бірден хабарлауға міндетті.

Қоғам өкілдері Тәуелсіздік сарайында өткізіліп жатқан ҰБТ тапсыруда бақылаушы ретінде талапкерлерге қойылатын ережелер мен талаптардың сақталуын және ұйымдастыру процестерін бақылауды жүзеге асырады.

Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталмады. Сонымен қатар, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша санитарлық талаптарды сақтау бойынша іс-шаралар да жүзеге асырылды.

Тестілеу «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта жүргізіледі. ҰБТ тапсырудың жаңа форматы бірқатар артықшылықтарға ие, атап айтқанда:

- тестіленушінің өзіне ыңғайлы күнді, уақытты, орынды таңдау мүмкіндігі бар;

- өтінімді өзгерту мүмкіндігі (тест тапсыру тілі мен пәндері);

- тестілеу барысында қойылған сұрақтарға қайта оралуға және қате жауаптарды түзетуге мүмкіндік беріледі;

- калькулятор мен көмекші кестелердің қол жетімділігі (Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі);

- тестілеу нәтижелері жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығарылады;

- тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда дереу апелляцияға беруге болады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті барлық талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда Сіз 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірыңғай Call-орталығына хабарласа аласыз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив