Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған Qaharman1945.kz порталы іске қосылды

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған Qaharman1945.kz порталы іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты.

Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап шығарды. Жоба атауы - «Жаужүрек полк». Жоба авторларының ішінде «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» Президенті, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, танымал тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және «Ave adicus» YouTube арнасның авторы Ашірбек Әділет.

Жоба авторлары әлемдік пандемияға байланысты акцияны офлайн форматта өткізу мүмкін емес екенін ескеріп, соғыс батырларына онлайн форматта ерекше құрмет көрсетуді ұйғарды.

Бұл жай ғана портал емес — бұл екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған мәңгілік естелік альбомы. Біз сіздермен бірге Бостандық үшін өз өмірлерін қиған, жарқын болашағымыз үшін қан төккен аталарымыздың ерліктерін құрметтеуіміз қажет! – деп, жоба авторларының бірі Махаббат Есен, өз парақшасында жазады.

Шараға қатысу үшін өтінішіңіз бен батырыңз жайлы ақпаратты Qaharman1945.kz сайтында қалдыру керек.

Сонымен қатар, жоба Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жекелеген қазақстандық батырлардың жетістіктері туралы баяндайды.

Батырлар құрметіне арналған онлайн шеру 9 мамыр күні, сағат 10:00-де жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында өтеді.
Қосымша ақпарат үшін.

e-mail: qaharman1945@gmail.com

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив