Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Әлеуметтік жобалар форумының талқылау тақырыбына айналды

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Әлеуметтік жобалар форумының талқылау тақырыбына айналды

2021 жылғы 22 сәуірде Назарбаев орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өткізетін Әлеуметтік жобалар форумы аясында «Адам құқықтарын тұрақты даму жолында жүзеге асыру» панельдік сессиясы өтті.

Сессияның модераторы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының мүшесі Рогов Игорь Иванович болды.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен енгізілетін әкімшілік әділет моделі баяндалды.

Әділет вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан өз сөзінде ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Кодекс жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейтінін, сондай-ақ азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін жаңа кепілдіктерді бекітетінін атап өтті.

Осы сессияда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы Сарбасов, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстандағы GIZ-тің өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька, Заң консультанттар палатасының төрағасы Жұмагелді Сәкенұлы Елубаев және Заң ғылымдарының докторы, Caspian University жария құқық ҒЗИ директоры Роман Анатольевич Подопригора спикер болды.

Форумды көру үшін https://www.youtube.com/watch?v=RXaR8Xxv1BQ сілтемесі арқылы өтіңіз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив