Тағылымдамадан өтуші бастығының телефонын ұрлаған

Тағылымдамадан өтуші бастығының телефонын ұрлаған

        33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны елордадағы автокөлік жуу орындарының бірінде автокөлік жуушы ретінде тағылымдамадан өтіп жүріп «Samsung Galaxy A3» маркалы мобильді телефон ұрлығын жасаған. Ұрланған мобильді телефонды ер адам өтіп бара жатқан белгісіз адамға қолдан өткізген.

        Телефонның ұрланғаны жөнінде полицияға автокөлік жуу орнының директоры хабарлаған.

        Қаскүнем кешкі уақытта кабинетте ешкімнің болмаған сәтін пайдаланып, ұрлық жасап, оқиға орнынан жасырынған.

        Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ер адам мойындау айғағын берді. Аталған факті бойынша «ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

        Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмауға және бұрыннан танымайтын  адамдарға сенбеуге кеңес береді. 

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив