ШҚО Абай атындағы гуманитарлық колледж ұжымымен кездесуі

ШҚО Абай атындағы гуманитарлық колледж ұжымымен кездесуі

2021 жылғы 15 сәуір күні Абай атындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін студенттердің құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңыздылығын түсіндіру мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

 Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО  бойынша департаментінің бас маманы Сахариева Мейіргүл,  өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Есімбекова Арайлым, Халифа Алтай мешітінің бас имамы, штаб мүшесі Мұқатай Ермек қатысты.

Шара барысында Сахариева М. студенттерге «Парасаттылық пен Адалдық» қағидаларын насихаттай отырып, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы баяндама жасап,  тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.

Ал өз кезегінде, Есімбекова А. болашақ ұстаздарды дайындайтын білім ордасының ұжымына жұмыстарында парасаттық, әділеттілік, адал еңбек қағидаттарын ұстану арқылы студенттерге үлгі болуға шақырды.

Сонымен қатар кездесуде Халифа мешітінің бас имамы жемқорлыққа дін тұрғысынан  толыққанды түсініктеме берді. Кездесу соңында  қатысушылардан туындаған  өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив