«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА «АСТАНА АЭК» АҚ-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

«ANTIKOR ORTALYGY» АЛАҢЫНДА «АСТАНА АЭК» АҚ-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Астана АЭК» АҚ төрағасы Серік Балқышев пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин ұйым базасында комплаенс қызметінің жұмысын ұйымдастыру туралы онлайн диалог өткізді.

Серік Балқышевтің айтуынша: - «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін тәуекелдердің алдын алу және жою Қоғам қызметіндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады».

2020 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп акционерлік қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.

Ұсынымдарды орындау шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың қолданыстағы регламентіне бір көзден шарт жасасу кезінде Өнім берушіні таңдауды Өнім берушілер ұсынған кемінде үш баға ұсынысының негізінде Қоғам Басқармасының алқалық шешім қабылдауы арқылы жүзеге асыруға міндеттейтін өзгерістер енгізілді, бұл жекелеген өнім берушілердің мүдделерін мүдделік қолдаудың сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына акционерлік қоғамның ішкі қауіпсіздікке жауапты қызметкері енгізілді.

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібін белгілейтін, мақсатты және сапалық көрсеткіштері жоқ іс-шараларды инвестициялық бағдарламаға енгізу тәуекелдерін болдырмайтын ішкі регламент әзірленді.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау шеңберінде акционерлік қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің міндеттері жүктелген қызметкер анықталды. Комплаенс офицер қызметінің негізгі бағыты-жұмысты ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сондай-ақ ISO 37001 «парақорлықпен күрес менеджменті жүйелері» халықаралық стандартында көзделген талаптардың сақталуын бақылауды енгізу және жүзеге асыру.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына және «Астана ӘКК» АҚ тапсырмасына сәйкес бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының жұмыс жоспары бекітілді, оған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, ең алдымен, әдістемелік ұсынымдар әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім бөлімшелерде жүктелді.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына нормативтік құжаттарға талдау жүргізеді. Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша басшылық қабылдайтын шаралар және олардың тиімділігі зерделенеді. Қызмет көрсету және бизнес-процестерді жүргізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бөлімшелердің күнделікті жұмысы талданады-деді ол.

Апта сайынғы негізде жұмыс тобының отырыстарында анықталған кемшіліктерді талқылау жүргізіледі және анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

Ішкі талдау қорытындысы бойынша акционерлік қоғам басқармасының кеңейтілген отырысын өткізу, оның нәтижелерін қарау және ұйымдастыру-практикалық шараларын қабылдау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Серік Балқышев акционерлік қоғамның барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын сақтау туралы жазбаша міндеттеме бергенін қосты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив