МИЛЛИАРДТАҒАН НЕГІЗСІЗ ШЫҒЫНДАР ТАРИФТІҢ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ

МИЛЛИАРДТАҒАН НЕГІЗСІЗ ШЫҒЫНДАР ТАРИФТІҢ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ

 

Азаматтармыздың қолайсыз қаржылық жағдайына қарамастан республикамызда және жалпы елордада коммуналдық қызметтердің тарифтік бағасы өскен. Демек, мұндай шешім тұрғындардың көптеген наразылықтарын тудыруда және аймақтың қоғамдық-саяси тұрақтылығына кері әсер етеді.  Қоғам үшін монополияға қарсы органмен тариф квт/сағ-на 3,25 теңге мөлшерінде бекітілген. Сонымен қатар қаланың белгілі бір бөлігі үшін электр энергиясын таратуды тарифі жергілікті тарифтен біршама жоғары және квт/сағ-на 4,85 теңгені құрайтын «Ақмола РЭК» Акционерлік Қоғам жеке компаниясы жүзеге асыруда. Нәтижесінде, жеке компанияға кететін шығындарды есепке ала отырып, электр энергиясы тұтынушыға квт/сағ-на 11,57 теңге мөлшерінде жеткізіледі. Аталған сұрақ бойынша бұл саладағы мамандардың энергетикалық сараптамасы бар екендігі, қаланың энергетикалық тораптары жеке компанияның желілерін пайдаланбай-ақ тиісті түрде астана тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне ие. Жоғарыдағылардың негізінде, электр энергиясының тарифтеріне қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, тұрғындардың жылдық шығындары шамамен 5,8 млрд. теңге үнемделеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын алдын алады.  Бүгінгі күнге жеке шаруашылық серіктестігі Астанаэнергсбыттың дебиторлық берешегі- 1 млрд 254 млн тенгені құрап отыр, банк алдындағы несиеге 300 млн бастап 700 млнға дейін қарыздары бар екендігі, сонымен қатар теплотранзит және рэк өндірушілерге 7,9 млрд тенге берешегі бар екендігі туралы ақпараттармен таныса кеттік. Сонымен қатар сметада көрсетілмеген 33 жұмысшының ай сайынғы айлығы 1 млн теңгеден төленгені, ал сметадағы айлығы болса 79 000 мың тенге болған, жалға алынып отырғын орындарына 232 млн тенге кеткен,  Жеке Ақмола РЭК компаниясының шығындары- ГСМ 168 млн, амортизацияға 1,9 млрд тенге, басқа да шығындар 203 млн тенге, шикізаттарға 98 млн тенге құраған. 2016 жылы қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсан айларында Мемлекеттік аудит  Астана ЕРЦ компаниясын тексерген.  Тексеріс барысында «Астанаэнергосбыт» пен «Астана ЕРЦ» компаниялар арасында келісім шарттар болмай, 1 млрд. 545 млн. 797 мың 900 теңге қайтарылмақшы. Бірақ негізсіз жұмсалған қаражат кімге, қашан қайтарылатыны әлі де белгісіз. 

Мадина Жатканбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив