«Ақпура» шаруа қожалығына жалған 116 миллион қарызды мойнына іліп, жойып жібермекші

«Ақпура» шаруа қожалығына жалған 116 миллион қарызды мойнына іліп, жойып жібермекші

 

2021 жылдың 30 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының Rixos President Astana қонақ үйінде баспасөз конференциясы өтті. Павлодарлық мал өсіруші «Ақпура» шаруа қожалығына, ЖШС «AgroExport LTD» ның құрылтайшысы Рахимбаев Серік соттың шешімі арқылы 116 млн.теңгені қарыздар етіп, шаруа қожалығын жойып жібермекші. Бүгінгі күнге дейін ЖШС «AgroExport LTD» компаниясы келісім шарт бойынша өз мүддесін орындамаған.  «Ақпура» шаруа қожалығының басшысы Мүбарак Наукеновтың айтуынша «Герефорд» тұқымды 240 бас ірі қара малды келісім шарт бойынша ЖШС «AgroExport LTD» компаниясы беру керектігін айтып кетті. Бірақ бұл шарт түгелдей орындалмаған. Мүбарак Наукенов 20 жыл шаруа қожалығымен айналысып келген. Өзінің шаруа қожалығын дамытпақшы болған Мүбарак Наукенов ет шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдауымен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы оператор болып отырған компания ЖШС «AgroExport LTD» - дан ірі қара мал алуға келісімге отырған.  ЖШС «AgroExport LTD» ның басшысының күнде әні-міні берем деген сөзіне алданып, ақыры сол малды ала алмайтына көзі жетіп сотқа шағым түсірген. Соттың шешімі «Ақпура» шаруа қожалығының арызын қанағаттырудан бас тартқан. Қазіргі уақытта Мүбарак Наукеновтың шоттарының бәрі бұғатталған. Жеке сот орындаушылар келіп қарыздар болған 116 млн теңгені өндіріп алмақшы. «Мал тұрмақ жеке отбасымды қалай енді асыраймын, тек қарыздарды жабу мен ғана боламын» – деп Мүбарак Наукенов айта кетті.  Сот барысында ЖШС «AgroExport LTD» компаниясының еш дәлелі болмағандығы туралы судьяға айтылса да, еш мән бермегенін, соттың шешімімен келіспегендіктен журналистерді шақырып ақпарат беріп отырғандырын - адвокат Мұхтар Батырбаев  айта кетті. 

Мадина Жатканбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив