«САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КИРПИЧНЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ НӨСЕР КӘРІЗДЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КИРПИЧНЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ НӨСЕР КӘРІЗДЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «Сапалы жол» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Алматы» ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен, сондай-ақ қоғам өкілдерімен бірлесіп, Кирпичный шағын ауданындағы нөсер кәріздерінің жағдайына мониторинг жүргізді.

Жүргізілген мониторинг барысында еріген судың болуына және асфальтбетон жабынының бұзылуына байланысты жол жабынының сапасына әсер ететін тазарту құрылыстарын күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың сапасыз жұмыс істеу фактісі анықталды.

Кирпичный шағын ауданы аумағындағы тазарту құрылыстары қала балансына берілмегенін атап өту қажет.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша «Алматы» ауданы әкімінің аппаратына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту ұсынылды.

Сонымен қатар, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен жол жабынының ақауларын анықтау мақсатында қала көшелерін аралау жүзеге асырылды, оның шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін жолдардың проблемалық учаскелері тіркелді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив