Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы кезекті «ашық әкімдік» таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдағы кезекті «ашық әкімдік» таныстырылды

Қызылжар ауданы Соколовка ауылында орналасқан орталықтың жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Баянғазин танысты.

Фронт-кеңседе Соколов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау, жер мәселелері, әскери есепке алу үстелі, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өз жұмысын жүзеге асырады. Қосалқы шаруашылығы бар тұлғалар үшін ветеринарлық дәрігер өз қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы рәсімделген.

«Барлығы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Халық бұл жұмыс форматын ыңғайлы деп санайды, өйткені барлық секторлар бір бөлмеде. Сондай-ақ, мен күнделікті негізде азаматтарды жеке қабылдаулар өткіземін. Мұның бәрі адамдарға көп уақыт жұмсамай, бір жерде кеңес пен қызмет алуға ыңғайлы болу үшін жасалды», - деді ауылдық округ әкімі Әскер Сейітов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы халықпен өзара іс-қимылға бағытталған трансформацияның арқасында әкімдік көрсететін қызметтердің ашықтығы – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететінін атап өтті.

«Ауыл үшін, әсіресе, қажетті мемлекеттік қызметтерді қабаттарға жүгірместен ала алатын егде жастағы адамдар үшін жақсы жағдайлар жасалған деп есептеймін. Округ әкімінің де өз кабинетін «open space» форматына ауыстырғаны қуантады, бұл оң әсер қалдырады және халықтың сенім деңгейін арттырады. Бейресми байланыс жолдары толығымен алынып тасталды. «Ашық әкімдік» халықтың билік органдарымен өзара іс-қимылының бірінші сатысы екенін есте ұстаған жөн, өйткені мемлекеттік аппараттың қызметі осыған байланысты бағаланады», - деп сендірді Ернар Баянғазин.

Бүгінгі күні өңірде барлығы 16 сервистік әкімдік ашылған, оның екеуі ауылдық деңгейде.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив