Қызметінің қыр-сырын меңгерген жедел уәкіл

Қызметінің қыр-сырын меңгерген жедел уәкіл

Ішкі істер органының қызметкері білімді де білікті болумен қатар,  өз өмірімен қатар өзгенің өмірін де қорғай алатын болуы шарт. Осындай қасиеттер Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Берікбай Дарханның бойынан табылады. Ол еңбек жолын 2004 ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде режим бөлімінің жедел уәкілі болып  бастаған. Осы мекемеде 13 жылдан аса уақыт ішінде әр түрлі жауапты лауазымдарда абыройлы қызмет етіп, яғни кадр тобының аға инспекторы, тәрбие бөлімінің бастығы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, қалалық Қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің бастығы болған. 2011-2017 жылдар аралығында ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етіп, өзіне жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен атқарған.

Оның бойында қызметіне деген сүйіспеншілігімен қатар әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік сынды қасиеттері бар. Әріптестерінің арасында абыройы биік, мерейі үстем қызметкер десе артық айтқандық емес. Оның бір дәлелі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен  жыл сайын ішкі істер органдары арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін «Парасатты полицей» республикалық байқауына ҚАЖ департаменті атынан қатысып, команданың топ басшысы ретінде сайлануы еді. Топты ұйымдастырып, команданың жоғары дәрежеде ойын өрнегін көрсетуі топ басшысына тікелей байланысты екені белгілі. Дархан өзінің шапшаңдығы, біліктілігі мен парасаттылығы арқасында көрермендердің көзайымына бөленіп, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болды. Сонымен қатар, байқау қорытындысымен «Үздік капитан» номинациясын иеленіп, Сыр елінің, оның ішінде ҚАЖ департаментінің мәртебесін үстем етті.

Бұл Д.Берікбайдың жеке ісіндегі жалғыз марапаты емес. ҚАЖ саласында қызмет еткен 17 жылға жуық уақыт ішінде ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитетінің, облыс әкімінің, департамент бастығы мен мекеме бастықтарының Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталып, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгілерін иеленген.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 24 ақпанда әділет подполковнигі Дархан Берікбайұлы «генерал-лейтенант Ш.Қабылбаев» медалімен марапатталды. Бұл Отан алдындағы Антына берік, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын әділет подполковнигі Д.Берікбайдың еңбегі өтелгенінің айғағы.

Іскерлігі мен біліктілігінің арқасында әріптестерін мойындата білген әділет подполковнигі Берікбай Дархан отбасында арыстай алты ұлды тәрбиелеп отырған әке. «Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек. Біріншісі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау» дейді дана халық. Дархан Берікбайұлы осы екі таңдаудан да жаңылмай, жары Саулемен бір үйдің түтітін түтетіп отырғанына 15 жыл уақыт болған. Қызметте талапшыл әрі қайсар мінезді Дархан отбасында мейірімді, қамқор әке. «Әке балаға сыншы» деген қағиданы ұстанып, ұлдарына ақыл-кеңесін беріп, қоғамда өз орнын қалдыратын ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсаты санайды.

Адалдықты арына балаған, өр мінезді,  қайсар рухты  Дархан Берікбайұлы талай асуларды бағындыратына сеніміміз мол. 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив