ЕЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА «ANTIPARACRAFT» КВЕСТ-ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЕЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА «ANTIPARACRAFT» КВЕСТ-ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжімен Нұр-Сұлтан қаласының «Даналық» колледжі бірлесіп студенттер арасында «Antiparacraft» квест-ойынын өткізді.

Іс – шараның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Квест-ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар алып, олар арқылы қарапайым түрде сыбайлас жемқорлық туралы айтып бере алды. Сайыстар тек интеллектуалды сипатта ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көзқарасты талап етті.

Ойынның бірінші кезеңі М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің «Жас қыран» және «Әділет жастар» колледжінің «Даналық» атты екі командасының құттықтауынан тұрды, сондай-ақ командалардың ұрандары айтылды.

Екінші кезеңде капитандар конкурсы өткізілді, онда команда капитандары әріптерден сөздер құрастырып, «адалдық», «парасаттылық», «алаяқ», «жемқорлық» және т. б. сөздерге нақты анықтама беруі тиіс болды.

Келесі кезеңде командалар сыбайлас жемқорлық туралы викторина сұрақтарына жауап беруі қажет болды.

«Antiparacraft» квест-ойынының соңғы кезеңі сыбайлас жемқорлық туралы алдын ала дайындалған «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әлеуметтік бейнероликтерді көрсету.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеуге және «адалдық», «парасаттылық» және т. б. сияқты ұғымдарды кеңірек тануға ықпал етеді.

Студенттер арасында «Antiparacraft» квест-ойыны жолдастық кездесу аясында өткізілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив