ӨСКЕМЕНДЕ ДӘРІНІ ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

ӨСКЕМЕНДЕ ДӘРІНІ ШЕКТІК БАҒАДАН АСЫРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі №ҚР ДСМ-104 бұйрығында көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілген.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2020 № ҚР ДСМ-337/2020 бұйрығымен жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы, мақсатта «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері дәрілік заттардың шектік бағадан асып кетпеуін қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшелерімен Өскемен қаласындағы бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде, Назарбаев даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Signatura дәріханасында өндірушісі BAYER фирмасының КСАРЕЛТО (ривароксабан, 10 мг №30) дәрілік препаратының бағасын көтеру бойынша бұзушылық анықталды.

Нақтырақ айтсақ, осы дәріханадағы препараттың құны 32 550 теңгені құрады. Ол көтерме саудада - 24 105,60 теңге, бөлшек саудада сату  бағасы - 26 516,16 теңгені құрайды. Бөлшек саудада өткізу үшін бекітілген шекті бағадан 6 033,84 теңге жоғары.

Аталған дерек бойынша Өскемен қ. ПБ Үлбі ауданының ЖПҚБ-ға аталған дәрілік заттың бағасын көтеру фактісін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау бойынша ұсыным хат жолданды.

Облыс тұрғындары дәрілік заттардың шектік бағадан асып кету деректеріне куә болса, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне және аймақтағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселеріне хабарлай алады. Байланысу үшін: 8 (7232) 71 33 06, 8 (778) 474 6935 WhatsApp.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив