Жазасыздығын сезінген СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Жазасыздығын сезінген СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлда «Antıkor ortalyǵy» алаңында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазиннің қатысуымен СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде ұсыным қаралды.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сотқа дейінгі тергеуімен 2020 жылғы наурызда Ж.Т. Мұқановқа қызметтік іс-әрекет барысында оның әріптестері Ресей Федерациясының азаматы жүкті (бұрғылау қондырғысын) заңсыз тасымалдау фактісін анықтағаны белгілі болғанын анықтады.

«Лауазымды тұлға шетелдік тасымалдаушының бұрғылау қондырғысын коммерциялық мақсатта пайдаланатынын және оны облыс аумағы арқылы үнемі тасымалдауға мәжбүр болатынын біле отырып, жалпы қамқорлығы және одан әрі әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін ай сайын 1 млн. теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алуға қылмыстық ниет білдірді», - деді Ернар Баянғазин.

Инспекцияның бас маманы өзінің заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында таныстары арқылы пара ретінде алынған ақша сомасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

«Осылайша, талап етілген пара сомасының едәуір бөлігін үшінші тұлғалар арқылы бірнеше рет алған Ж.Т. Мұқанов өзінің жазасыздығын сезініп, 1 млн. теңге көлеміндегі қалған бөлігін жеке өзі алуға шешім қабылдады. 2020 жылғы 28 мамырда жедел іс-шаралар нәтижесінде облыстық көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы іс үстінде қолға түсті. Барлығы 2020 жылдың сәуірінен мамырына дейінгі кезеңде ол жеке өзі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы шетелдік тасымалдаушыдан жалпы сомасы 1,5 млн. теңге мөлшерінде пара алды», - деп мәлімдеді Баянғазин.

Сол жылдың 26 қарашасында Петропавл қалалық сотының үкімімен Мұқановқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында үкім заңды күшіне енді.

Қарау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының автомобиль көлігіндегі бақылау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Айта кету керек, бүгінгі күні сотта кәсіпкерлік субъектісінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Мұқановтың тікелей басшысына да қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив