АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

       Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдерімен, сондай-ақ қала әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемесінің басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша онлайн режимінде кездесу өткізді.

          Кездесу барысында қатысушыларға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің бірінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты Ақмола облысының аумағында орналасқан құрылыс объектілерінің бірінде бөтен мүлікті талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

          Құқық бұзушылықтың мән-жайы лауазымдық міндеттерді орындауға немқұрайлы қарау, сондай-ақ жоғары тұрған басшылық пен жетекшілік ететін адамдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болды.

          Осындай фактілерді болдырмау мақсатында орындалған жұмыстар актілеріне жалған қол қоюға жол бермеу және объектілерді пайдалануға қабылдауды тиісінше жүргізу жолымен бюджет қаражатын тиімді игеруді қамтамасыз ету ұсынылды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды және қызметкерлермен түсіндіру кездесулерін сапалы жүргізу қажет.

          Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, кездесуге қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге аударды.

          «Мемлекеттік органдардың бюджет процесінің барынша айқындығы мен ашықтығын ұйымдастыру ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, демек құқық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан, кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарымен күреспеу үшін олардың алғышарттарын жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдаған жөн. Басшылардың бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және тиісті алдын алу шараларын қабылдамағаны үшін жеке жауапкершілігі туралы ескертемін», - деді Мұрат Төлеубаев. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив