Мемлекеттік саяси лауазымдарға жаңадан қабылданатын тұлғаларға арнайы біліктілік талаптары қабылданды

Мемлекеттік саяси лауазымдарға жаңадан қабылданатын тұлғаларға арнайы біліктілік талаптары қабылданды

 

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №485 Жарлығымен «Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» арнайы біліктілік талаптары бекітілді.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметі саяси – айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға жауаптылықта болатын лауазымды тұлғалар болып табылады.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 20 саяси қызметші еңбек етуде (облыс әкімінің орынбасарлары, қала , қалааралық аудан және аудан әкімдері).

Мемлекеттік саяси лауазымдарға қабылданатын кандидаттарға білімі, құзыреттері және жұмыс тәжірибесі бойынша төмендегі талаптарды қамтитын болады.

Білімі бойынша талаптар: Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар: Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін ғаламдық пайымдау, тиімді коммуникациялық дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшы қабілетінің болуы талап етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: Жұмыс тәжірибесі еңбек заңнамасына сәйкес еңбек өтілі және (немесе) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілі және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.

Біліктілік талаптары салалық министрлігі мен облыс әкімінің белгілі бір салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, сондай-ақ қала, қалааралық аудан және аудан әкімдеріне қолданылатын болады.

Мәселен, үміткерлерге аудан әкімі лауазымын иелену үшін 11 талаптың біріне сай болуын қажет етеді. Солардың бірін атап айтсақ:

  • еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызметте

2 жыл және кейбір санаттағы төмен емес (С-3, D-3, C-O-3 - облыстық деңгейдегі басқарма басшысы, C-R-1 - аудандық деңгейдегі басқарма басшысы, D-O-2 - облыстық басқарма басшысының орынбасары, Е-2 - аудан әкімі аппаратының басшысы, Е-R-1 - бөлім басшысы) басшы лауазымдарда               1 жыл тәжірибесі бар болуы.

  • еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда

1 жыл тәжірибесі бар және білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы әлемдік деңгейдегі жарыстарда ең жоғары жетістіктерге ие болған жағдайда;

  • еңбек өтілі 4 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда

2 жыл тәжірибесі және ғылыми дәрежесі бар болуы.

Қорыта айтқанда, әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтіп, мемлекеттік саяси қызметтің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі білікті мемлекеттік саяси қызметшілердің сапалық құрамының жасақталуына маңызды оң әсерін тигізеді.

Жоғарыда айтылған барлық талаптарды басқа да БАҚ-нан толық мағлұмат алуға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Бирдагалеева Гүлмира Шалғынбекқызы

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив