Qyzmet.info боты жөнінде не білесіз?

Qyzmet.info боты жөнінде не білесіз?

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткен болатын.

    Бүгінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдармен өткізілетін конкурстардың ашықтылығы мен азаматтар арасындағы теңділікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар пәрменді жұмыстар атқаруда.

Мәселен, тестілеу тапсыру процесстерінің толығымен автоматтандырылуы, бос лауазымдарға өткізілетін конкурстарға кез-келген 18 жасқа толған азаматтардың байқаушы ретінде қатысуы, үміткерлермен әңгімелсу сатысында бейнежазбаның жүргізілуі, сондай – ақ конкурсқа қатысушылар мен комиссияның оң нәтижесін алған үміткерлер туралы ақпараттардың интернет – ресурстарына жариялануын атап өтуге болады.

Мұнымен қоса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заманауи технологиялардың мүмкіндігін қолдану арқылы азаматтардың уақыттарын үнемдеу және ақпараттарға теңдей қолжетімділігін қамтамасмыз ету мақсатында телеграм мессенджерінде Qyzmet.info ботын жасақтаған болатын.

 Аталған боттың негізін қалаушысы және авторы мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі С.А.Алматов болып табылады.

Жобаның қызметін пайдалану үшін алдымен смартфон телефонындағы «Play market»–тен «Telegram» қосымшасын жүктеп, Qyzmet.info ботын таңдайсыз.

Бұл жобаның негізгі мақсаты азаматтарға мемлекеттік қызметке түсуге қатысты барлық қажетті ақпараттармен онлайн түрде қамтылуға мүмкіндік беру болып табылады.

Яғни, мемлекеттік қызметке түсуге ниеттеніп жүрсіз, алайда тестілеу бадарламасын қалай дұрыс таңдау, қайда бару, неден бастау, қандай құжаттар жинау, қайда тапсыру және т.б. көкейтесті сұрақтардың толық жауабын телеграм мессенджеріндегі Qyzmet.info ботында шоғырланған жауаптарын таба аласыз.

Атап айтатын болсақ:

  • Тестілеу бойынша нұсқаулық пен бейне – нұсқаулық;
  • Үміттеніп отырған лауазымға байланысты тестілеу бағдарламасын анықтау;
  • Нормативтік құқықтық актілерді жүктеу;
  • Тестілеуге жазылу үшін еGov порталына сілтеме;
  • Сынама тестілеуі;
  • Барлық өңірлер бойынша жарияланған конкурстарды қарау;
  • Конкурстық комиссияның шешіміне шағым жасау;
  • Мемлекеттік қызмет, тестілеу, конкурс, бейімдеу және оқыту туралы жиі қойылатын сұрақтар бойынша анықтамалық;
  • Агенттіктің және оның аумақтық департаменттердің байланыс ақпараттары.

Сонымен қатар, мұнда мемлекеттік қызметке орналасу үшін тесттен өту үрдісі бойынша ақпараттар, инфографика, брошюра, анимациялық бейнеролик орналастырылған.

Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызметке түсуге қатысты барлық қажетті ақпараттармен үйден шықпай–ақ, онлайн түрде танысуға мүмкіндік беретін, сондай – ақ Республика бойынша баламасы жоқ бірегей жоба деп айтуға болады.  

Ендігі алдағы уақытта азаматтармен Qyzmet.info ботын белсенді және тұрақты түрде пайдалану арқасында мемлекеттік органдармен тікелей қарым – қатынасты мейілінше азайта отырып, облыс аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын және сыбайлас жемқорлықтың алдын – алуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Боранқұлов Ақылбек Сүйінғараұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив