Елордада 2020 жылы 160 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды – Бақтияр Мәкен

Елордада 2020 жылы 160 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды – Бақтияр Мәкен

«Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен Zoom платформасы арқылы жиын өтті.

Жиынға басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Мэлс Ақылбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мирас Шекенов қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан болуы тиіс», деген болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарда да, квазимемлекеттік секторда да сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға ерекше назар аударуды тапсырды. 2020 жылы қала әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің департаментімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ департаментпен бірлескен «Астана – Адалдық алаңы» жобасы жүргізіліп келеді. Ондағы негізгі жұмыс тұрмыстық сыбайластықты жою. 2020 жылы мемлекеттік органдармен, қоғам белсенділерімен, депутаттармен, сонымен қатар жобалық кеңсенің менеджерлерімен бірлесіп қоғамдағы барлық сала бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды», – деді Бақтияр Мәкен.

Сонымен қатар елорда әкімінің орынбасары астананың барлық аудандарында фронт-кеңселердің ашылғанын атап өтті.

«Тек 2020 жылдың өзінде 126 мың сервистік қызмет көрсетілді. Оның 46 мыңы – мамандардың кеңесі. 160 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Бұрын қағаз жүзінде көрсетілетін 27 қызмет электрондық форматқа ауыстырылды. Айта кету керек, елордада жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 пайыз электрондық форматқа көшті», – деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Бақтияр Мәкен «Ашық бюджет интерактивті картасының» жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Биыл «Адалдық алаңы» бастамасы бойынша Қорғаныс департаменті аумағында фронт-кеңсе ашылды. Сонымен қатар дәрілік препараттарды төмен бағамен ұсынатын екі әлеуметтік дәріхана жұмысын бастады. «Адал еңбекпен өмір сүру – адал адамның жұмысы» деп Абай айтқандай, біз осы сөзді әрдайым жадымызда сақтауымыз керек», – деді Б.Мәкен.

Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Мэлс Ақылбаев сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылғандар туралы баяндама жасады. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мирас Шекенов 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив