Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсаруда

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсаруда

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.

Брифинг барысында Б.Беспалинов облыстың мемлекеттік аппараты кадрларының жай-күйі туралы хабардар етті. Бүгінгі күні облыста 5021 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, бос орындардың мөлшері 605 бірлікті немесе 10,7% құрайды.

«Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсаруда. Жыл сайын жоғары кәсіби білімі бар мамандар саны артып келеді. Мысалы, егер 2019 жылы олардың үлесі 80% құраса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 88%-ға тең. Гендерлік саясат сәтті іске асырылуда - қызметшілердің 65,3% әйелдер құрайды, олардың 20% басшылық лауазымдарды иеленуде» - деп Б.Беспалинов хабарлады.

Қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі де оң динамикаға ие: ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша қызметшілердің 83,2% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

Облыста мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет жүйесінен кету көрсеткіші төмендеуде.

Жалпы, спикердің айтуынша, кадрлық жұмыстың үйлесімді тетігі кадрлық тәсілдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және облыстың мемлекеттік аппараты кадрларының сапалық құрамын арттыруға мүмкіндік берді. 

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив