2020 жылы Павлодар облысының 113 азаматының құқықтары қалпына келтірілді

2020 жылы Павлодар облысының 113 азаматының құқықтары қалпына келтірілді

Облыстық мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қатысуымен Онлайн режимде кеңес өтті, оның барысында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің 2020 жылғы жұмысы қорытындыланды.

Департамент басшысы Ержан Қарымсақов Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы айтты.

Сонымен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап алғаш рет саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілді. Енді саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап төрт жылдан кейін сайланады. Бұл ретте саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Кейінгі екі жылға ұзарту Президент жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша ғана мүмкін болады. Осылайша, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайды.

«Бұдан басқа, «Б» корпусының қызметшілерін мемлекеттік органдардың ішінде ауыстыру мүмкіндігі енгізілді. Мұндай жаңашылдық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдар ішінде мансаптық өсуіне және меритократия қағидатын сақтауына ықпал етеді», - деп атап өтті Ержан Қарымсақов.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау саласындағы қызмет бойынша 2020 жылдың қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Аягөз Мұсапированың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92% электронды түрде көрсетіледі. Осылайша, облыс Мемлекет басшысы айтқан көрсеткішке қол жеткізді.

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізеді. Өткен жылы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша 24 тексеру жүргізіліп, 1711 бұзушылық анықталды. Ең көп бұзушылық ауыл шаруашылығы саласында анықталды.

Негізгі бұзушылықтар: мерзімдерді бұзу, стандарттармен белгіленбеген құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін бұзу, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу және басқалары.

Тексеру нәтижелері бойынша 4 әкімшілік іс, рұқсат беру қызметтерін көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін 2 әкімшілік іс және рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны үшін 2 әкімшілік іс қозғалды, бюджетке 150 мың теңгеден астам қаражат өндірілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төлегенов атап өткендей, Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтардың өтініштерін сапалы қарау болып табылады. Мәселен, 2020 жылы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымданған 193 өтініш түскен. Барлығы 113 азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.

Мысалы, қала тұрғыны Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан әрекетсіздік және оның бірнеше рет жүгінуінің әуре-сарсаңға салыну мәселесі бойынша Департаментке жүгінді. Департамент мемлекеттік органдар өкілдері мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды, нәтижесінде азаматшаның өтініштерінде баяндалған мәселелер шешілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда негізгі рөл атқарады.

«2020 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 23 тәртіптік іс қаралды, оның 18 - і мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша, 5-і Әдеп кодексінің нормаларын бұзу бойынша. Қаралған тәртіптік істер бойынша 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 лауазымды тұлға жұмыстан шығарылды», - деді Ерлан Төлегенов.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ кадр мәселелерін шешу кезінде заңнаманы және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау ұсынылды.

«Соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік мас күйінде автомобиль көлігімен көлік жүргізу жағдайларының жиілеп кеткенін ескеріп, мемлекеттік органдардың басшыларын этикалық нормаларды қатаң сақтауға, сондай - ақ кадрларды орналастыру кезінде туыстық және жерлестік қағидаттарына жол бермеуге шақырамын», - деп қорытындылады Ержан Қарымсақов.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз-қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив