Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым мөлшері төмендеді

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым мөлшері төмендеді

 

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өз қызметінде азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға ерекше ден қояды. Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеуде. Мысалы, 2019 жылы азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы көрсеткіш бар болғаны 20-ны құраған.

         «Әрине, мұндай құбылыстың туындауына карантин жағдайы да әсер етті, дегенмен тұрғындарымыз өздерінің құқықтарын қорғау үшін өтініштерді мемлекеттік органның кеңсесі арқылы тапсырудан гөрі «Электрондық үкімет» веб-порталының электрондық өтініштер сервисін пайдалануда дағдыларын танытты» - дейді Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Шытырымбек.

         Портал арқылы өтініш тапсыру азаматқа оның өзінің жеке кабинеті арқылы қарау мерзімдерін бақылауға, өтініш орындаушысы туралы мәліметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.

         Атап айтқанда, 2020 жылы мемлекеттік қызмет сапасына қатысты Департаментке келіп түскен 38 өтініштің 27 электрондық нысанда түскен. Бұл 71% құрайды. Яғни, бұл көрсеткіш азаматтарымыздың цифрлық дағдыларымен қатар құқықтық сауаттылығы өте жоғары екендігін куәландырады.

«Департамент қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан бұрын, олардың алдын алуға ден қояды. Өткен жылы осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша 332 іс-шара ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері едәуір төмендеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны азайды» - деп Н.Шытырымбек мәлімдеп өтті.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. Бұл сала тек қана мемлекеттік органдардың қатысуын ғана емес, барша тұрғындарымыздың белсеңділігін қажет етеді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив