Петропавлда спорт мектебінің бас бухгалтері қазақстандық боксшының атына кір келтірді

Петропавлда спорт мектебінің бас бухгалтері қазақстандық боксшының атына кір келтірді

Петропавлда СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының қатысуымен «Antıkor ortalyǵy» алаңында бокстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің бас бухгалтерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін мән-жайлар ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібімен қаралды.

Петропавл қалалық сотының үкімімен бас бухгалтер 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтейтін болды.

Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

«2017 жылғы маусым мен 2020 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде бас бухгалтер өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, нақты деректерді қасақана бұрмалап, өзіне 23 млн. 781 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз аударды, бұл сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді», - деді Ернар Баяғазин.

Тергеу барысында бухгалтердің өз карточкалық шоттарына ақша қаражатын заңсыз аудару үшін бокс мектебі басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбаларымен бекітілген электрондық төлем шоттары негіз болып табылғаны анықталды.

Бұл ретте басшылары – Н. Әбдірахманов пен Ж. Жақияновтың жасалған бюджет қаражатын жымқыруға қатысты білмейтіні, ал олардың ЭЦҚ-сы бас бухгалтердің пайдалануында болғаны анықталды.

Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы бокстан олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Ж. Жақияновқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза жариялады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза күшейтілетінін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың үш пакеті қабылданды. Оның ішінде, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салынды, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар үшін жазаны бірден өтеу мүмкіндігі алып тасталды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив