Салықтық берешегі және қайтыс болған жеке тулгалардың артық төленген салық соммасы

Салықтық берешегі және қайтыс болған жеке тулгалардың артық төленген салық соммасы

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (әрі қарай  Басқарма) Салық Кодексінің 47 бап 1 тармағына сәйкес, жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау күніне жиналған салықтық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейтіні туралы хабарлайды.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес, есеп жүргізуге жауапты Басқарманың маманы қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау күніне жеке шотын жабады және салықтар мен төлемдер бойынша берешек және артық төлеу бар болса, мұрагерлерінің атына жаңа жеке шот ашып, қайтыс болған жеке тұлғаның есеп айырысулар сальдосын көшіреді.

Осылайша, қайтыс болған жеке тұлғаның салықтар мен төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау мұрагерге (мұрагерлерге) жүктеледі.

Мұрагер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның салықтар мен төлемдер бойынша салық міндеттемелері қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау күніне өтелген болып есептеледі 

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының есепке алу және талдау болімі бас маман Дюсембаева А.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив