2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласы халқының көші-қоны

2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласы халқының көші-қоны

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 81870 адам келіп, 64120 адам кетті (көші-қон айырымы +17750 адам).

Сол уақытта көші-қонның теріс айырымы негізінен сыртқы көші-қон есебінен (-504 адам) қалыптасты. Ішкі көші-қон бойынша жағымды айырым (+18254 адам) байқалады.

2020 жылғы қаңтарда-қыркүйекте 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қаласына келгендер саны 34,2%, кеткендер саны 35,6% кеміді.

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте келгендер 46499 адамды, кеткендер 28245 адамды құрайды.

Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 20,2%, Түркістан - 10,1%, Қарағанды - 9,8%, Шығыс Қазақстан - 8,7%, Алматы қаласынан – 7,2% және басқа облыстардан 44%-ды құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстанмен (+62 адам), Қырғыз Республикасымен (+23 адам), Әзірбайжанмен (+5 адам), Украинамен (+5 адам)Түрікменстанмен (+4 адам) және Армениямен (+1 адам).

Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Қытаймен (+185 адам), Түркиямен (+28 адам) және Моңғолиямен (+25 адам).

Ұлттары бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға - 89,3%-ы тиесілі және кеткендер санының 88%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5% және 5,8%, өзбектер - 0,9% және 1%, украиндар - 0,8% және 0,8%, татарлар - 0,7% және 0,7%, немістер - 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар 2,8% және 3%-ды құрайды.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив