"Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "ореn space" және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің "сервистік" форматын іске асыру

Халық үшін мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады.

2019 жылдан бастап ШҚО-да сервистік әкімдіктерді ашу бойынша жоба іске асырылуда, қазіргі уақытта 19 қалалық және аудандық әкімдік жаңа форматта қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 11 ауылдық округте сервистік әкімдіктер ашылды, олар: Самар, Катон, Коробиха, Таскескен, Ақши, Ақтоғай, Баршатас, Мақаншы, Қаратал, Зайсан қаласы, Шүлбі кенті.

Сервистік әкімдіктердің негізгі критерийлері - кәсіби, білікті мамандардың қызмет көрсетуі, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау. Мысалы, күтуге арналған ыңғайлы залдар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, ақпараттық стендтер, WI-FI желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы жағдайлар жасау.

Ағымдағы жылы еліміз бойынша 42 мемлекеттік мекеме "ореn space" форматына, 30 – сервистік жұмыс моделіне көшті. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы сервистік модель бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік органдар арасында трансформация бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

"Сервистік әкімдіктердің" ашылуы мемлекеттік органдардың басқарушылық және ұйымдастырушылық мәдениетіндегі өзгерістерді, олардың клиентке бағдарлануын айғақтайды.

Сондай-ақ, "кабинет жүйесінен" "open space" форматына көшу мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен қолжетімділігінің көрнекі көрсеткіші болып табылатынын атап өткім келеді.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жүргізген зерттеу нәтижелері мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа басқару технологияларын енгізудің тиімділігін айғақтайды.

ШҚО-да "ореn space" форматына көшуді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті, қорғаныс департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, көші-қон қызметі басқармасы және т.б. жүзеге асырды.

Бұдан басқа, фронт-офистер ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде, полиция департаментінің бөлімшелерінде, білім бөлімдерінде, жоғары оқу орындарында азаматтарды кедергісіз қабылдау және оларға консультативтік көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, "Connection Point" форматында өңірде 247 ауылдық округтің 234-інде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұр, олар техникалық жағынан қажетті жабдықтармен (компьютер, принтер, веб-камера) жабдықталған және ауылдық округтерді цифрлық жайлылықпен қамтуға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет", "ореn space" және "сервистік" жұмыс істеу форматын іске асыру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейлеріне тарату жоспарланып отыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив