ШҚО АЙМАҚТАРЫНДА БАЙЛАНЫС МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛІП ЖАТЫР?

ШҚО АЙМАҚТАРЫНДА БАЙЛАНЫС МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛІП ЖАТЫР?

«Қазақтелеком» Шығыс Қазақстан облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысын аяқтады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын АЕМ ТОБЖ жобасының құрылысының арқасында облыстың 94 шалғай ауылында 308 мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым кең жолақты Интернетке қосылды. Жобаны іске асыру барысында жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы ұзындығы 1795 километр құбыр және 1913 километр талшықты-оптикалық кәбіл тартылды.

Бұл туралы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Ермек Қуанышбеков мәлімдеді.

Бүгінгі күні жоба бойынша соңғы рет Ұлан ауданындағы Асубұлақ, Тарғын ауылдарында және Катонқарағай ауданындағы Солоновка, Новополяковка ауылдарында мемлекеттік мекемелерді қосу жүргізілді. Енді 10 мыңнан астам аудан тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізіп, заманауи телекоммуникация қызметтерін пайдалана алады. Бұл аудандардың халқын жоғары жылдамдықты Интернетке қосу үшін мамандар күрделі географиялық ортаға байланысты техникалық шешімді бірнеше рет өзгертуге мәжбүр болды, өйткені екі аудан да таулы рельефке бай және Швейцария табиғатымен салыстырылатын табиғатпен танымал. Бұл аудандарда талшықты оптикалық желіні тарту жобасы жергілікті шаруа қожалықтарына тиесілі бидай дақылдары мен қымбат тұқым сорттарын егетін алқаптармен арқылы өтетіні және жердің тасты топырақ болғанымен қиындады. Шығыс ӨТД қызметкерлері шаруалардың қызметіне зиян тигізбеу үшін желілер трассасының бағытын өзгертіп, қожалықтың алқаптарын айналып өтетіндей етіп жасады.

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Ермек Қуанышбековтың айтуынша, бұрындары Тарғын, Солоновка және Новополяковка сияқты интернеті жоқ ауылдарда ТОБЖ құрылысы тұрғындарға компания қызметтеріне қосылуға мүмкіндік береді. Мысалы-жоғары жылдамдықты интернет, телефон және iD TV сандық теледидар қызметтері.

«Бағдарлама аясында салынған ТОБЖ инфрақұрылымының арқасында АЕМ-де ұялы байланыс операторлары тұрғындарға телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік алады. Сондай – ақ, бұл құрылыс тағы бір жоба – «250+» үшін негіз болды. Осы жоба шеңберінде ұтқыр байланыс операторлары мемлекеттік мекемелерді «оптикаға» қосу нүктелерінің базасында өздерінің базалық станцияларын өрістетуде, осылайша халқы 250 адамнан асатын ауылдық елді мекендердің аумағын 3G/4G LTE радиосигналдық желімен жабуда. Желіні бірлесіп салу және жиіліктерді пайдалану операторлардың шығындарын азайтып қана қоймай, ауылдарды «цифрландыру» процесін жеделдетеді. Бұрын жер үсті арналары арқылы өтетін тұрақты сигнал көзі болмаса, ұялы байланыс операторлары өз қызметтерін және сапалы байланысты техникалық түрде ұсына алмады. «Оптиканың» болуы оларға ТОБЖ жобасына қатысушы ауылдардың тұрғындарын ғана емес, оларға жақын орналасқан елді мекендерді де жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-деді филиал басшысы.

ТОБЖ және «250+» құрылыс бағдарламаларын іске асыру ауылдық байланысты толық жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер мен жағдайлар жасайды, бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына кең жолақты мобильді Интернетке қол жеткізуге, ал онымен бірге қала мен ауыл арасындағы «цифрлық теңсіздік» шекарасын бұза отырып, телемедицина, онлайн-білім беру және т.б. сияқты цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тұтынушыларға қолайлы болу мақсатында фронт кеңсе жұмыс жасайды. Қазір карантин шектеулеріне байланысты бір залға 5 адамнан артық кіргізілмейді. Сонымен қатар абоненттерге арналған +77080000160 бірыңғай WhatsApp номері жұмыс жасайды. Кез-келген азамат өзіне қажетті ақпараттарды алуға және бейне арқылы операторға қосулыға мүмкіндігі бар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Antoine 11 сентября 2023 02:57

    Hi there superb website! Does running a blog like this require a massive amount work?
    I have absolutely no understanding of computer programming but I was hoping to start my own blog soon.
    Anyway, if you have any ideas or techniques for new blog owners please share.

    I know this is off subject but I just wanted to ask.

    Thank you!

    my web site; masflex en vente au Luxembourg

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив