Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады

Ағымдағы жылы 2 қарашада НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша айқындалған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті НҚА жобаларын қабылдау бойынша жұмысты бастады.

Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті.

Осыған байланысты, НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады:

1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, ағымдығы жылы 9-13 қараша аралығында);

2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында);

3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде - 23 қарашада өткізіледі);

4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, ағымдағы жылы 30 қарашаға дейін).

Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі.

Конкурстық іріктеуге қатысуға сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірген азаматтар шақырылады, олармен Агенттік (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/59153?lang=ru)  пен үйлестірушінің сайтында (https://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/20830/) толығырақ танысуға болады.

Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік-Қазақстандық медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив