«Sanaly urpaq»: білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою

«Sanaly urpaq»: білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою

 

2018 жылдан бастап республиканың барлық білім беру мекемелерінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұруға бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу миссиясымен «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда.

"Sanaly urpaq" жобасының мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Аталған жобаның жүзеге асыру барысында оқу орындарымен академиялық адалдықты енгізу және парасаттылық қағидаттарын насихаттау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «ANTIKOR.LIVE» аясындағы тікелей эфирде баяндады.   

 «Бүгінгі таңда "Sanaly urpaq" жобалық кеңселері облыстың 6 жоғары оқу орнында, Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ-де парасаттылық кеңсесі ашылған. Сондай-ақ, 71 колледжде сәйкесінше клубтар құрылды. 645 мектепте "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылған. Сонымен қатар, барлық оқу орындарында "Парасаттылық мектептері" ашылды. Жобаны іске асыру бойынша 7 жоғарғы оқу орнымен, 68 колледжбен, облыстық білім беру басқармасымен бірлескен жоспар бекітілді. 

Аталған жобасы шеңберінде жыл басынан облыстық деңгейде 55 іс-шара өткізілді Атап айтсақ, сурет байқауы, облыс ЖОО студенттеріне арналған  онлайн дәрістер, дебаттар, эссе конкурсы, онлайн-брифингтер және білім беру ұйымдарында ақша қаражатын жинауға тыйым салу туралы кеңес, ҰБТ кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг туралы түлектердің ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

Сондай-ақ, Агенттіктің тапсырмасы бойынша айына екі мәрте «Адалдық сағаттары» өткізілуде. Биылғы оқу жылы басталғалы «Әл-Фараби және ізгілікті қоғам», «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай», «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи», Президенттік кадр резервінің жеңімпазы Р.Бектуровпен онлайн форматта жалпы республикалық «Адалдық сағаттары» өткізілді.

Осы апта аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың қатысуымен дайындалған онлайн «Адалдық сағатын» Агенттіктің YouTube каналынан көре аласыздар.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырады» - деп атап өтті Жігер Байділдин.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив