Семей тұрғындары тегін құқықтық кеңес алды

Семей тұрғындары тегін құқықтық кеңес алды

 

А.ж. 29 қазанда елімізге танымал адвокат және құқық қорғаушы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Айман Умарова "Adal kómek" жобасы шеңберінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Сабирбаев Данияр Семей қаласының сервистік әкімдігінде өңір халқының әлеуметтік осал топтары үшін тегін заң кеңесін өткізді.

Адвокат Айман Умаровамен кездесуде өңір тұрғындары "халық заңгеріне" өз алғыстарын білдіріп, аталған жобаның қажеттілігі туралы айтты. Консультациялар онлайн режимінде де, офлайн форматта да өткізілді. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты, "Еріктілер жылы" аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Adal kómek" жобасы іске қосылды, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Волонтер ретінде Агенттік қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары халыққа өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты негізде тегін кеңес береді.

Іс-шарада адвокат сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен елімізде заңгер Айман Умарованың құқықтық онлайн-мектебі жұмыс істейтінін, онда қазақстандықтар үздік заңгерлердің тегін онлайн-консультацияларын ала алатынын айтты (сайт www.womenrights.kz ).

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив