ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  «Antikor.Live» жобасына қатысты

ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Antikor.Live» жобасына қатысты

 

Ағымдағы жылдың 29 қазанында ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Олжас Ерғазыұлы Нукаев «Antikor.Live» жобасына қатысты.

Тікелей эфир барысында Олжас Нукаев Департамент қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.

«Ағымдағы жылдың 9 айында 19,1 млрд. теңгені қамти отырып, 134 аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 17,9 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталды, соның ішінде мемлекетке келтірілген залал 5,1 млрд. теңге, сондай-ақ 4,3 млрд. теңге немесе 84,3 % бюджет кірісіне өтелді және қалпына келтірілді.

Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша 40,3 млн. теңгеге айыппұл салумен, 460 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 87 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды» -деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, ШҚО бойынша ІМАД орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындардың назарына жеткізді.

«Департаментте аудит объектілерінде мемлекеттік аудитордың жұмысына үш деңгейлі бақылау жұмыс істейді, күн сайын – бөлім басшысымен, апта сайын – жетекшілік ететін орынбасармен және ай сайын – департамент басшысымен.

Азаматтар 26-43-91 сенім телефонына хабарласа алады. Азаматтарды  күн сайын қабылдау жүргізіледі, басшымен сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін, басшының екі орынбасарларымен дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін».

Бұдан басқа, алдағы 2021 жылға аудиторлық іс-шараларды жоспарлау туралы айтып берді.

«Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің тәуекелдерін бағалау негізінде іріктеу арқылы жүзеге асырылады.

Бағалау әрбір критерий бойынша мәндер жиынтығы негізінде есептелген қорытынды баллды және тәуекел деңгейін айқындауды білдіреді.

Нәтижесінде әрбір объектіге тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейі беріледі.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша алдағы 2021 жылға Жүйемен 1,5 мыңнан астам объект бағаланатын болады»

Олжас Нукаев өз сөзінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру объектілерді іріктеу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайтын кешенділікпен және объективтілікпен қамтамасыз етілетінін атап өтті, өйткені тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив