АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  – 80 % ЖЕТТІ

АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – 80 % ЖЕТТІ

Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста өңірді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету туралы энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев баяндама жасады.

 Қалаларда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100%. Ауылдық елді мекендерде – 75,8 % құрайды. 2020 жылға жоспар бойынша 79,3%.

 Аудандарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамсыз ету көрсеткіштері:

1) Ақтау қаласы (Өмірзақ ауылы) – 62,0 %

2) Жаңаөзен қаласы (Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдары) – 100 %

3) Мұнайлы ауданы – 71,0 %

4) Қарақия ауданы – 97,0 %

5) Түпқараған ауданы – 89,0 %

6) Бейнеу ауданы – 94,0 %

7) Маңғыстау ауданы – 77,0 %.

  2020 жылы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Бірлік елді мекендерін, Түпқараған ауданының Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылының жаңа жер учаскелерін су қамту жобаларының құрылысын аяқтап, бұл көрсеткіш – 79,3 % жеткізілмек.

 Өңір басшысының елді мекендерді сумен қамтамассыз ету тапсырмасын орындау мақсатында, «Маңғыстау облысын ауыз сумен қамтудың 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» жобасы жасақталды.

 Кешенді жоспарда негізгі үш бағытға бөлінеді.

1. Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасын іске асыру мақсатында жол қартасы бекітіліп, жұмыстар басталды.

2) Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50,0 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысын салу

3) «Қаражанбас кен орнында қуаты тәулігіне 17,0 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасын іске асырылмақ.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі 2021 жылдың 1 жартыжылдығына белгіленген.

 Нәтижесінде, «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысынан босатылған тәулігіне 17,0 мың текше метр суды облыс тұрғындарына жіберу мүмкіндігі пайда болады.

4) Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасын іске асыру:

Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталып, мемлекеттік сараптаманың қарауына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 Екінші бағыт бойынша 6 іс-шаралар қарастырылған:

Мұнайлы ауданы тұрғындарын қосымша ауыз сумен қамтамасыз етудің бір жолы ретінде Баянды ауылындағы 3 жылдан бері қолданыста болмаған су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстарға жергілікті 2020 жылы бюджеттен 24,0 млн. теңге бөлінген болатын. Мұнайлы ауданы әкімдігіне қондырғыны іске қосу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды қамтамасыз ету қажет.Нәтижесінде, қосымша 1800 м3/тәулік ауыз су өндіру мүмкіндігі болады.

 

 Сонымен қатар, алдағы уақытта жер асты суларын пайдалану жоспарланып отыр. Атап айтқанда Бейнеу ауданы Сам және Төңірекшың жер асты су қорына барлау және су қорын қайта бағалау жүргізу жұмыстары.

 

 Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданын қосымша сумен қамту мүмкіндіктері ретінде «Құйылыс» нысанындағы жер асты суларын тұщыту қарастырылатын болады.

 

 Үшінші бағыт бойынша 2 іс-шаралар қарастырылды:

Ақтау қаласы 2-кәріз тазалау қондырғысынан (КОС-2) шығатын залалсыздандырылған кәріз суын жасыл желектерді суаруға пайдалану үшін кәріз суының құрамы бойынша зертханалық сынамалар жасалды.

Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы жұмыстар тәжірибесіне сәйкес Жаңаөзен қаласындағы тазалау қондырғысынан (КОС) шығатын залалсыздандырылған кәріз суын жасыл желектерді суаруға пайдалану үшін кәріз суының құрамы бойынша зертханалық сынамалар алынуда. Нәтижесінде, жаз айларында жасыл желектерді суаруға жұмсалатын ауыз су көлемі тұрғындарға бағытталатын болады.

 

 Су бұрумен қамту бойынша қалалардағы орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету – 93,1% құрайды. Ауылдық елді мекендерде – 3,8%. 2020 жылға жоспар 4,3%.

 Су бұру және ағынды суды тазарту жүйелерімен тек қана Ақтау және Жаңаөзен қалалары жабдықталған.

2018-2020 жылдары «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында Шетпе ауылындағы 2 жобаны іске асырылуда. Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.

2020 жылы жұмысмен қамту жол картасы аясында Құрық және Жетібай селоларында кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталатын болады.

 Нәтижесінде, ауылдық елді мекендерінде орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету 2020 жылы 4,3 % жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, 2019-2020 жылдары жоғарыда аталған бағдарлама аясында «Маңғыстау ауылының кәріз желілерінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобаны аяқтау 2022 жылдарға белгіленген.

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары «Ақтау қаласындағы КОС-1 бастап КОС-2 дейінгі өздігінен ағатын кәріз коллекторының құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша кәріз коллекторының ұзындығы – 17,4 км (екі құбырлы) құрайды.

Қазіргі таңда, 13 км траншея қазу жұмыстары және 12 км кәріз коллекторы жүргізілді.

Нәтижесінде, тазартылмаған ағынды суларды КОС-2 алаңына айдауға мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив