ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?

 

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт Өскемен қаласында орналасқан Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығы мен Шығыс Қазақстан Облыстық ауруханаға барды. Басты мақсат емханалар мен ауруханалардың пандемияның екінші толқыны жағдайына дайындығын тексеру. Мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының келесі ақпаратын ұсынамыз.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары В. Ли:

– Шығыс Қазақстан облысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші кезектегі міндет инфекцияның таралу процесін баяулату, сырқаттанғандар санының күрт өсуіне жол бермеу болып табылады. Емдеуге жатқызу уақытын қысқарту және инфекциялық стационарларға жүктемені азайту үшін пациенттерді жай-күйінің ауырлығы бойынша эшелондау алгоритмі әзірленді, бұл төсек қорын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша, ауыр пациенттер өкпе тінінің зақымдану дәрежесіне және сатурация деңгейіне байланысты қандай да бір инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады. I, II, III деңгейлердегі сабақтастық пен өңірлендірудің бірыңғай жүйесінде 6 010 төсек-орынға (I деңгей – 2 466 (24,4%), II деңгей – 570 (9,5%), III деңгей – 2 974 (66,1%)) жұмыс істейтін инфекциялық стационарлар дайындалды. Барлық деңгейдегі инфекциялық стационарларда ПТР ( + ) бар пациенттер үшін бөлімшелер көзделген – бұл төсек қорының 70% - ы және ПТР ( – ) - бұл пациенттер ағынын бөлу және ауруханаішілік инфекцияға жол бермеу үшін стационардың төсек қорының 30% - ы.

III деңгейге - жоғары технологиялық жабдығы (КТ, ПТР-зертхана, оперблок, ОАРиТ, родзал және т.б.) және өкпесі 50-ден астам зақымданған пациенттер үшін кадр әлеуеті бар инфекциялық стационарлар жатады.

II деңгейге - жоғары технологиялық жабдығы бар ауданаралық инфекциялық стационарлар жатады.

I деңгейге - өкпесі 50%-дан кем зақымданған пациенттерге арналған қалалық және аудандық деңгейдегі жұқпалы аурулар стационарлары жатады.

II және I деңгейдегі инфекциялық стационарлар үшін ауыр науқас тасымалдауға келмейтін жағдайларда «қызыл аймақта» жұмыс істеу үшін көшпелі бригадалардың (анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, пульмонолог және басқалар) шұғыл ден қою жұмысы ұйымдастырылды.

ПТР (-), КТ (-) теріс нәтижелері бар пневмонияға күдікті пациенттерді фтизиопульмонология орталықтарына: «Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК - 50 төсек; «Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК - 225 төсек; «Өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығы» ШЖҚ КМК-74 төсек; «Семей қаласының №2 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК - 140 төсек және жүкті әйелдер Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК; «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК (тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігімен); «Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК әзірленді.

Диагностика және тасымалдау процесінде пациентті емдеуге жатқызу тактикасы мен деңгейін анықтау үшін жедел медициналық жәрдем бригадалары басынан бастап пациентті компьютерлік томографияға жеткізеді. Іс-қимыл жоспарына сәйкес, пандемия жағдайында әрбір компьютерлік томограф 24/7 жұмыс режимімен белгілі бір қала мен ауданға бекітілген: «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК; «Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көп бейінді орталығы» ШЖҚ КМК; Өскемен қаласы бойынша «NOVA-диагностика» ЖШС; «Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК; «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК; Семей қаласы бойынша «NOVA-диагностика» ЖШС; «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК; «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК; «Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

Облыста 377 мобильді бригада бар, оның ішінде Семей қаласы бойынша - 71, Өскемен қаласы бойынша - 43. Олардың көмегімен амбулаториялық пациенттерді емдеу және «үйде өзін-өзі бақылау» чек-парақтарын қолдана отырып, инфекциялық стационардан шығарылғаннан кейін пациенттерді бақылау ұйымдастырылады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда мониторингтік топтардың қоғамдық бақылауы күшейтілуде. Осы бағытта «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері облыс аумағындағы барлық мониторингтік топтардың құрамына кіре отырып, қоғамдық бақылауды жандандыратын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив