Ауылдағы алғашқы сервистік әкімдік СҚО Тайынша ауданында іске қосылды

Ауылдағы алғашқы сервистік әкімдік СҚО Тайынша ауданында іске қосылды

 

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді.

Ведомство басшысы өңірге сапар барысында ең алдымен Келлер аулына ат басын тіреп, «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.

Бұдан былай Келлер ауылдық округінің тұрғындары әкім аппаратының мамандары мен ветеринарлық дәрігердің көмегіне фронт-кеңседе жүгіне алатын болды. Оған қоса орталық өтініштерді қабылдау секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және әлеуметтік роликтерді тарататын экранмен жабдықталған.

«Мен ауыл халқына мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету үшін жақсы жағдай жасалған деп есептеймін. Басталған жұмыстың соңы бар. Енді тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа үйрету керек. ХҚКО тәжірибесіне сай, төлемдер үшін банкоматтар мен терминалдар орнату қажет» - деді Алик Шпекбаев.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандырудың маңыздылығына назар аударды. Антикор жетекшісі Президенттің тапсырмасы мен халықаралық стандарттарға сай болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетулерді 100% электронды нұсқаға аудару қажеттігін ерекше атап өтті. Электронды үкіметтің дамуы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ елдері арасында 194 мемлекеттің ішінде 28 орында тұр. Бұл республикада цифровизацияның даму қарқынының жылдамдығын дәлелдейді.

«Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау түрінде де қызметін атқаратын болады. Енді ауылдық округ әкімі бірінші қабатта «open space» кабинетте орналасады. Жеке қабылдауға ниет білдірушілерге бұл өте қолайлы.

«Біздің мақсатымыз – түрлі қызметтер мен кеңестерді бір орында көрсету арқылы адамдардың уақытын үнемдеу. Бұған дейін, мәселені шешу үшін шартты түрде 10-15 күн қажет болса, бүгінде небәрі 2-3 күн ғана кетеді» - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Орталықтың ашылғанына ауыл тұрғындары дән риза. Қуаныштарын жасырмаған ақсақалдар енді көмекке жүгіну үшін аудан орталығына ат терлетудің қажеті жоқ дейді. Айта кету керек, Келлер аулы бұрын аудан орталығы болған.

Айта кету керек, Агенттік Төрағасының бағдарламасында Петропавл қаласындағы «AGROKÓMEK» сервистік орталығының ашылуы да бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив