Ақтөбеде  өнерлі мемлекеттік қызметшіні анықтады

Ақтөбеде өнерлі мемлекеттік қызметшіні анықтады

Іс - шара Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Іс-шара облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен бірлесе отырып өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің моральдық - этикалық құндылықтарын және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында өткен конкурсқа қатысу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың 29 мемлекеттік қызметшісі өтініш берді: облыстық деңгейден ауылдық  деңгейге дейін.

Байқаудың шартына сәйкес қатысушылар Абайдың кез келген туындысын әр түрлі жанр бойынша орындауы қажет болды. Байқаудың қатысушыларын бағалау 2 кезеңде өтті: онлайн дауыс беру және мәдениет саласындағы сарапшыларымен бағалану. Онлайн дауыс беру барысында қатысушылардың жұмыстары 2000-ға жуық лайк және 3000-нан астам қаралым жинады.

Байқау қатысушыларының жұмыстары комиссия мүшелерімен қашықтықтан бағаланды, оның құрамына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мәдениет саласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Қалауов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков, классикалық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері, халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Мейрам Хабибуллин кірді. Іріктеу барысында әр қатысушының шығармашылық көзқарасы байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Абайдың Қара сөздері мен "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындаған Нұрәділ Алтынбайұлы Қолдасбаевқа берілді. Екінші орынды «Сегіз, аяқ» әнін домбырамен орындаған  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Данайұлы Әбекенов иеленді.

 Үшінші орынды Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Мырза Мәлика Серікқызы "Білімдіден шыққан сөз"әнін орындаумен жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушыларға осы байқауға белсенді қатысқаны үшін дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылардың жұмыстарымен Департаменттің әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде тамашалауға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив