Өз ақшаңды үнемде. Қызметтерді өзің ал

Өз ақшаңды үнемде. Қызметтерді өзің ал

 

«Қызметті өзің ал» акциялар циклінің шеңберінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментімен Павлодар қаласының Мамандандырылған ХҚКО-да «Өз ақшаңды үнемде. Қызметтерді өзің ал» атты акциясы өткізілді.

Автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерді алу бойынша қызметтерді көрсету кезінде заңсыз делдалдықтың профилактикасы жөніндегі іс-шара заңсыз делдалдық қызметтерді көрсететін тұлғалардың жұмысын және мемлекеттік қызметтерді ақылы онлайн алудың фактілерін болдырмауға бағытталған.

Департамент қызметкерлерімен қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері, оның сервистері және әрбір азаматтың оларға еркін қолжетімділігі бар туралы түсіндіру сұхбат өткізілді.

Бұдан басқа, Департамент және Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ХҚКО-тың келушілеріне үйден шықпай-ақ, және «көмекшілерге» жалынбай көлік құралды қайта ресімдеу немесе жүргізуші куәлікті ауыстыруды қалай болатын көрнекі түрде көрсетті

Кеңес беру барысында «электрондық үкімет» порталы және оның сервистерінде қызметтерді онлайн алу бойынша ақпарат және нұсқаулықтар таратылды. Сонымен қатар халыққа DIGITAL AGENT мобильдік қосымша арқылы арыздарды онлайн жолдауға болатынын туралы хабарланды.

Мамандандырылған ХҚКО клиенттердің бірі заңсыз «көмекшілерге» қызметтерді алу үшін ешқашан жүгінген жоқ, өйткені ол өзі және оның туысқандары да «электрондық үкімет» порталды дербес қолдана алады.

Сонымен қатар, акция шеңберінде Департамент қызметкерлері полиция Департаментінің Процессингтік орталығының қызмет алушылары үшін көліктің мемлекеттік номірлік белгісіне телнұсқаны алуға портал арқылы онлайн-режимінде тапсырыс берудің мүмкіндіктері туралы түсіндіру кездесуді өткізді.

Сұхбаттасу және кеңес беру барысында, жалпы, адамдар Мамандандырылған ХҚКО-ның және Процессингтік орталығының жұмысын оң жағынан бағалайды, дегенмен бірқатар проблемалық мәселелерді, әсіресе тіркеуден алынып тасталған көлік құралға қате салық келіп тұрғанын да атап өтті, осыған байланысты қазіргі уақытта полиция Департаменті мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп көлік құралдары бойынша салыстыру және деректемелер өзара алмасу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мысалы, Процессингтік орталығына Шарбақты ауданының тұрғыны жүгінді, себебі Қызылорда облысындағы оның атына есепте тұратын көлікке салық қате есептеліп салынған.

Павлодар облысының Процессингтік орталығы мемлекеттік кірістер басқармасы және Қызылорда облысының процессингтік орталығымен салыстыру жұмысын өткізген соң, мәселе шешілді.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті азаматтарды өз уақыттарын үнемдеуге, заңсыз «көмекшілерге» жүгінбеуге және мемлекеттік қызметтерді барынша e-gov порталы арқылы алуға шақырады.

ҚР мемлекеттік қызмет істер Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив