Асхат Аймағамбетов: Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма

Асхат Аймағамбетов: Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру – ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты.

«Біз мониторинг жүргіздік. Президент тапсырмасын қай жоғары оқу орны қандай деңгейде, сапалы немесе сапасыз орындағанын көріп отырмыз. Ең бастысы  – жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеру – ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. ҰҚСК отырысының хаттамасы бойынша гранттар құны ұлғайтылғанын білесіздер. Бұл мемлекет басшысының үлкен қолдауы екенін түсіну қажет», – деді  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқытушылардың жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, одан бөлек педагогтердің жалақысы, докторанттар мен болашақ педагогтердің стипендиясы ұлғайды.

«Стипендия бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Егер педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер өткен жылы осы уақытта 20 мың теңге көлемінде стипендия алса, қазір ай сайын 42 мың теңге алып отыр. Сондай-ақ сабағын жақсы оқып жатқан үздіктердің стипендиясы 48 мың теңге болды. Демек, бір жылда стипендия 2 есе өсті. Бұл да Мемлекет басшысының ұстанымының және оның тапсырмасының арқасында жүзеге асып отыр», – деп атап өтті министр.

 ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив