2020 жылдың 9 айында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша

2020 жылдың 9 айында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша онлайн кеңес өткізді.

Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар, өңірлік жобалау кеңселерінің басшылары мен өкілдері, жұртшылық қатысты.

Кездесуді ашқан республикалық жобалық кеңсенің басшысы Т.Байғұлов «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамдық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық департаментінің директоры Ғ. Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамшылдардың жоғары рөлін атап өтті.

Ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуі бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүкіл ел бойынша барлық деңгейдегі әкімдіктерде сервистік әкімдіктер мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуда. Агенттік және аумақтық департаменттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету орталықтарын ашты, онда қоғамшылдар үшін кабинеттер көзделген және ұйымдастырылған. Мұның бәрі Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі нұсқауларына толығымен сәйкес келеді. Сондай-ақ, агенттік өкілі қоғам өкілдерін Агенттіктің және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Өңірлерде жобалық кеңсе де үлкен жұмыс атқаруда. Оның нәтижелерін Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Маңғыстау қалаларының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кездесуде таныстырды және қандай да бір мәселелерді шешу үшін өз ойларымен бөлісті.

Осылайша, Атырау қаласындағы қоғамшылдар қоғамдық бақылауды күшейтуді және денсаулық сақтау жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуді ұсынды. Ақтөбе қаласының өкілдері қаланы абаттандыруға, қар тазалауға қатысты ТКШ саласындағы деректерді цифрлауды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды ұсынды.

Маңғыстаудан келген мамандар тегін дәрі-дәрмек беру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге бастамашы болды, Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері білім беру саласындағы процестерді автоматтандыруды ұсынды, атап айтқанда, қызығушылықты қолдау мақсатында сарапшылар оқушылардың халықаралық конкурстарға, олимпиадаларға қатысуы бойынша мәліметтерді жариялауды ұсынды.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлері жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес тұрғысынан жүргізілген сауалнама нәтижелерімен таныстырды.

Сауалнамалар нәтижесінде қоғам белсенділері халықтың салық салу және кеден салаларында проблемалары бар екенін білді.

Салық салу бөлігінде адамдар көлік салығы бойынша өсімақы олардың шотына түседі деп шағымданады, бірақ олардың өздері де автокөлігі жоқ немесе міндетті төлем жасаған.

Сонымен қатар, шағымдар кеден қызметтерінің өткізу жүйесі бойынша да туындайды, ол бұрыннан автоматтандыруды талап еткені анықталды.

Іс-шараға шақырылған Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдері өздерінің алдын алу жұмыстары туралы айтып берді, мысалы, Ұлттық экономика министрлігінде осы жылдың басынан бастап әрбір Департаментте және комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссарларды енгізді, осылайша өз қызметінің ашықтығын арттырды.

«Ашық диалог» түріндегі кездесу форматын ескере отырып, әрбір қатысушы айтылған мәселелер бойынша өз пікірін білдіре алды.

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Т.Байғұловтың айтуынша, өңірлердің барлық ұсыныстары мен тұсаукесерлері ескеріліп, одан әрі іске асыру үшін енгізілетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив