ШҚО-ДА ОНЛАЙН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ ТАЛДАНДЫ

ШҚО-ДА ОНЛАЙН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ ТАЛДАНДЫ

 

«Өскемен – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оқушыларды қашықтықтан оқытуға мониторинг жүргізу (онлайн оқыту платформаларын талдау) мақсатында қалалық білім беру бөлімінің алаңында кездесу өткізді. Кездесуге аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Ж. Кусаинова, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, Өскемен қаласының білім беру мекемесінің әдіскері Н. Капчикова және мектеп ұстаздары мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

Өскемен қаласының білім беру мекемесінің әдіскері Нүргүл  Капчикованың айтуынша:

- Қашықтықтан оқыту жүргізілетін бірнеше платформалар бар, олар Kundelik.kz. Көптеген мұғалімдер, балалар мен ата-аналар бұл жүйені жақсы біледі. Екінші платформа – Bilimland.kz. Өскемен қаласындағы барлық мектептер осы онлайн платформаларды пайдаланады. Бұл платформалардың барлығы онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін жасалмағанын айта өткен жөн. Себебі бұл платформаларда барлық пәндер мен ғылымдар бойынша қажетті білім алуға мүмкіндік беретін дайын бейне сабақтар, мультимедиялық ресурстар бар.

Жұмысты тікелей көрсету арқылы қоғамдық бақылау жүргізу барысында онлайн платформа деректерінің қаншалықты сапалы жұмыс істейтіндігі, олардың мүмкіндіктері, мұғалімдер мен оқушылардың қамтылуы, интернет-қосылыстың жылдамдығына тәуелділігі талданды.

Мониторинг нәтижелері бойынша кездесуге қатысушылар оқыту онлайн-платформаларының жұмысына оң баға берді.

Айта кеткеніміз жөн, оқушыларды қашықтықтан оқыту сапасына мониторинг жүргізу бойынша жұмыс «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен және аудандық деңгейде жүргізілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив