КВИ ТАРАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КВИ ТАРАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен облыста коронавирус инфекциясы және пневмонияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Жиында денсаулық сақтау объектілерінің КВИ таралуының екінші толқынына дайындығы, денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу, денсаулық сақтау объектілері үшін жеке қорғану құралдарының және мамандандырылған автокөліктің дайындығы, дәріхана желілерінде дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы мәселелер көтерілді.

    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның мәліметінше  бүгінгі таңда 170 инфекциялық төсек және 43 реанимациялық төсек бар. Алдағы уақытта инфекциялық төсек-орын қорын 1835 және 130 реанимациялық төсекке дейін ұлғайту жоспарлануда. Облыстың барлық медициналық мекемелерінде 246 ИВЛ аппараты бар, оның 57-і облыстық ауруханада және 638 оттегі концентраторы бар.

Қазіргі уақытта халыққа 121 медициналық мобильді топ қызмет көрсетуде. Жуырда мамандандырылған 86 жедел жәрдем автокөлігі жеткізіледі деп күтілуде.

    Өңірде медициналық кадр жетіспеушілігі ең өткір мәселелердің бірі болып тұр. Қазіргі уақытта 75 адамнан тұратын медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалады, оның ішінде 26 реаниматолог.

    Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ақпаратына сәйкес жеке қорғаныс құралдарына бөлінген бюджеттің қаржысына, демеушілік және гуманитарлық көмек арқылы 2 айға жететін 46 424 әртүрлі типтегі медициналық қорғаныш костюмдер, 2,026 млн. дана маскалар (1,9 млн. дана 3 қабатты және 7000 дана 4 қабатты маскалар, 27 660 дана респираторлық маскалар және басқалар), 143 650 қолғаптар, 24 380 дезинфекциялық құралдар және 129 инфроқызыл термометрлер алынған. Одан бөлек 876 523 дана бір реттік медициналық қолғаптар жеткізілу жоспарлануда.

 

    Бұдан бөлек, жеке қорғаныс құралдарыменен 37 419 әртүрлі типтегі медициналық қорғаныш костюм, 761 733 дана маска, 298 319 қолғап, 4 434,8 литр дезинфекциялық құралдарымен медициналық ұйымдар қамтылған. Облыс бойынша 274 дәріханада шамамен 400 000 дана медициналық бетперде бар, оның 1 данасын орташа бағамен 60-85 теңгеден тұрғындарға сатылып жатыр.

    Бетперделердің қорын жасақтау мақсатында медициналық мекемеден қосымша 3 млн. дана медициналық бетпердені дәріханалар арқылы тұрғындарға арзан бағамен сату жоспарланып отыр.

    Денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу туралы Нұрлыбай Аққұлов айтып берді.  Бүгінгі күні өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бірнеше құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақтау қаласы бойынша 3 нысанда (облыстық аурухана, балалар ауруханасы, қалалық емхана) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде және инфекциялық аурухана салынуда.

    Облыстық ауруханада және балалар емханасында жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар инфекциялық орталықтың құрылысы аяқталу сатысында, толықтай жұмыстар 15-ші қазан күні аяқталады деп күтілуде.

    Жаңаөзен қаласы бойынша 5 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде (перзентхана, көпсалалы аурухана, киім жуатын бөлме, туберкулез ауруханасы, мәйітхана), нысандар қазан айының 30-на дейін аяқталады деп күтілуде.

    Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан бұрыңғы туберкулез ауруханасының ғимаратын жедел-жәрдем ғимаратына қайта құрылымдау жұмыстары да басталды. 2 ай мерзімде аяқталады деп күтілуде.

Мұнайлы ауданы бойынша 3 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде (аудандық емхана, Басқұдық пен Атамекендегі амбулаториялар) қазан айының соңында аяқталады.

Қарақия ауданы бойынша 3 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, аудандық орталық ауруханада жұмыстар 90%-ға аяқталды.  Жетібайдағы ауруханадағы жұмыстар және Бостандағы амбулаториядағы жұмыстар басталды,                    30 қазанға дейін аяқталады деп күтілуде.

Бейнеу ауданындағы 2 нысанда 95%-ға аяқталды, іске қосу, реттеу жұмыстарын жасауды қажет етеді. Қалған аудандарда жұмыстар толықтай аяқталды.

    Сонымен қатар, облыс бойынша барлық қалалар мен Мұнайлы ауданынан басқа барлық аудандардағы 8 нысанға кислород жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

    Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақовтың мәліметі бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыстың фармацевтикалық қызмет объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізуде. КВИ емдеуге арналған  22 түрлі дәрінің дәріханаларда болуын үнемі бақылауда ұстайды. Қазіргі уақытта өңірде 325 дәріхана жұмыс істейді, оның 3-і бірқатар медициналық препараттарды дайындауға лицензиясы бар. Дәріханаларды дәрі-дәрмектің үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында өңір кәсіпкерлеріне бір реттік тасымалдауға рұқсат берілді. Бұл шара өңірді екі айлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив