"ADAL KÓMEK": "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-нан төленетін әлеуметтік төлемдердің түрлері түсіндірілді

 

"ADAL KÓMEK" жобасы аясында "Антикор орталығы" сервистік орталығында "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ШҚО бойынша филиалының заңгері Сейпилов Медет тікелей эфир өткізіп, әлеуметтік сақтандыру жүйесі, әлеуметтік төлемдер түрлері туралы негізгі ұғымдарды түсіндірді.

Тікелей эфир барысында Медет Сейпілов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің түрлері мен әлеуметтік тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мәселен, ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №289 Заңына сәйкес, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.

"Еңбек ету қабілетінен айрылуына байланысты әлеуметтік төлем МӘС бөлімшесі Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап төленеді. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен және өтінішпен жүгінеді.

Әлеуметтік төлемнің келесі түрі асыраушысынан айрылуына байланысты. Қордан төленетін осы әлеуметтік төлемге құқық қайтыс болу туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап не азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу құқығы оны қорға бөлу туралы өтініш берген күннен бастап туындайды.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен және Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген жүктілікке және босануға байланысты демалыс күнінен бастап; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс күнінен бастап төленеді.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен және Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бала (балалар) күтімін жүзеге асыратын және Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады", - деп түсіндірді Медет Сейпілов.

Тікелей эфир соңында спикер азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив