ДӘРІХАНА БАСШЫЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДӘРІХАНА БАСШЫЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

Бүгін «Antikor Ortalyǵy» алаңында карантин кезеңінде дәрілік заттардың бағасын заңсыз көтеруге жол бермеу мақсатында онлайн кездесу өткізілді.

Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ералы Нургазин және «SDK – Фарм» ЖШС, «Адам Партнерс» ЖШС, «МФК «Гиппократ» ЖШС, «Europharma» ЖШС, «Столичная аптека Citi» ЖШС, «Максима - Фарм» ЖШС, «Медсервис Плюс» ЖШС, «Феникс ФК» ЖШС, «Касымханов СП» ЖК дәріханалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Жазира Жылқышиева «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «СҚ-Фармация» қоймасына, қалалық дәріханаларға және гуманитарлық көмекті жеткізу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелерін айтты.

Спикердің айтуынша, мониторинг барысында дәріханалардың дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен және одан бөлек жеке тұлғалардың сату фактілері кездескен. Аталған фактілер уәкілетті органға жолданып, тиісті шаралар қабылданған. Кінәлі тұлғалар жазаланған.

Кездесу барысында аталған фактілердің жолын кесу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде мәселелер талқыланды.

Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактілерінің жолын кесу мақсатында жоба аясында қалалық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің шекті бағалары туралы ақпараттық брошюралар орналастырылған.

QR-кодтың көмегімен азаматтар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген дәрі-дәрмектер тізімі бойынша жаңартылған бағаны көруге мүмкіндік бар.

 Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшылығы дәріханалардың директорларына аталған бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Іс-шара барысында арнайы слайдтар мен бейнероликтер ұсынылды. Дәріхана өкілдері спикерге сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив