Ақмола облысында әкімдік шенеуніктері мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз жасасқан

Ақмола облысында әкімдік шенеуніктері мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз жасасқан

 

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Бурабай ауданы әкімінің, сондай-ақ аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсынуды қарау бойынша кездесу өтті.

Онлайн-кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімдігінің дербес бөлімдері бірінің басшы лауазымды тұлғасына және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шартты негізсіз жасасу фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға бір кәсіпорынға негізсіз жол берген, ал басқа әлеуетті өнім берушілер көпшілігінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін заңсыз қабылдамаған. Бұдан әрі, тапсырыс беруші заңнаманы бұза отырып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізген.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР заңнамасының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік шаралар қабылдау, ашықтық қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымда тиісті түсіндіру жұмысын жүргізу ұсынылды.

«Мемлекеттік сатып алулардағы бюджет қаражатының ауқымды айналымы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратыны белгілі. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, арам шенеуніктер пайдакүнемдік мақсаттарды көздеп, одан ақша табуға тырысуда. Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жыл сайынғы Жолдауында «Мемлекеттік сатып алудың әлеуеті зор. Бұл қаржыны өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болады. Шенеуніктер мен түрлі делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабатын кез келді» деп атап өтті. Сондықтан, сіздің ауданыңыздағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністері енді кездеспеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын тиісті түрде ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив