«ANTIKOR ORTALYGY» -ДА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

«ANTIKOR ORTALYGY» -ДА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

 

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Жалмағамбеттің төрағалық етуімен «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» («PBI») жобасын іске асыруға байланысты бизнес өкілдер және мемлекеттік органдар арасындағы кездесу өтті. Кездесуге "Атамекен" РМК Шығыс Қазақстан филиалы басшысының орынбасары А.О. Мұқашева, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Е.А. Шурманов, ШҚО бойынша ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Е.З. Бекпаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Қ. Жолдаспаев қатысты., ШҚО бойынша энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Батырбаев Д.Б., ШҚО бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сүлейменов А.Б., облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының м.а. М.А. Исмаилов және облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы В.Х. Гайламазян және облыс бизнесмендері қатысты.

«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленген. Осы жобаның негізгі бағыттары мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында бизнес-процестерді құқықтық қорғау және оңтайландыру болып табылады.

Е.Жалғамбет атап өткендей, «Жобаны іске асыру тетігі инвестордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуына негізделген. Департамент келісім тарабы ретінде кәсіпкерді заңнама шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді шеше отырып, оны жосықсыз шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан 100% қорғай отырып сүйемелдейді». Іс жүзінде инвестордың Департаментпен келісімге қосылу фактісі шенеуніктердің «көзқарасын» өзгертіп, кәсіпкерді қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен "арылтады".

Егер бұрын инвестор мемлекеттік органға жүгінетін болса, көбінесе әуре-сарсаңға, құқықтық қайшылықтарға байланысты қиындықтарға тап болып, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін әрдайым қорғай алмаса, қазір өңірлерде жоба қызметкерлерінің консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауының арқасында инвестициялық, кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәселелер инвесторды жедел және заң шеңберінде қолдау үшін шешіледі".

Кездесу барысында құрылыс материалдарын өндіруге лицензия алу мәселесі бойынша ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінген «СУННКАР» ЖШС проблемалық мәселесін сәтті шешу туралы бейнеролик көрсетілді.

Сондай-ақ, «ANTIKOR ORTALYGY» бойынша экскурсия ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушыларға «PBI» фронт-офисінің қызметімен танысты.

Бүгінгі таңда аталған жоба аясында Шығыс Қазақстанда 270,5 млрд.теңгеден астам сомаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 29 келісім жасалды. Жобаны іске асыру кезінде кәсіпкерлерден 21 өтініш келіп түсті, әрбір кейс өзінің оң шешімін тапты. Талқылау нәтижелері бойынша 16 адам тәртіптік, 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан әрі жұмыс «Атамекен» ӨКП және «Атамекен» АҚ және «Kazakh Invest «ҰК» АҚ өңірлік өкілдіктерінің тікелей қатысуымен жүргізілетінін атап өткен жөн, бұл жобаны сапалы іске асыруға жаңа серпін береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив