"Праймериз 2020" қатысушысы мұғалімнің қойған сұрағына ренжіді

 

“Primaries-2020” қатысушыларының үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір еліміз бойынша 11 000 – ға жуық қатысушы тұрғындармен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізуде.

Сондай кездесуде бүгін Байқоңыр ауданынан «Праймеризге» қатысушы Расул Медетовтің “көңіліне тиген” сұрақ қойған. Бұл туралы антикор қызметкері өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Агитация аясындағы кездесулердің бірінде мектеп қызметкері кандидаттарға: «Ел, Қазақстан үшін демей-ақ қойыңыздаршы, егер нақты Сіздерге дауыс берсек, бізге, біздің мектебімізге не істей аласыздар?» - деп сұрақ қойды. Шынымды айтсам, бұл сұрақ көңіліме су сепкендей болды. Жеке өз басым үшін шынайы қолдау маңызды. Мен дауыс берушілердің қолдауын сыйлықтар арқылы иемдеуден аулақпын. Алайда осы факт халық арасында белгілі бір әрекет үшін материалдық түрде «алғыс» күтудің әдетке айналып кеткенін көрсетеді. Бұл да жемқорлықтың нышандары емес пе?! Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі. Менің ұстаздарға құрметім ерекше! Дегенмен, депутаттардың міндеті  халықты алаңдататын мәселелерді тиісті құзырлы органдарда көтеру екенін әрбір азамат түсінген жөн. Мен мұғалімдер үшін не істей аламын? Егер бағым жанып, праймеризден өтіп, одан кейінгі сайлауда да ұтып, депутат болып жатсам, мен оларға жақын бола аламын. Олардың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізу мүмкіндігіне ие бола аламын. Нақты проблемаларын шешіп бере алмасам да, шешу жолдарын ұсынып, олардың іске асуын қамтамасыз етуге барынша атсалысатынымды айта аламын!, – деп жазды Медетов өз парақшасында.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаментінің директоры, Байқоңыр ауданынан партияішілік праймеризге қатысушы Расул Медетовтің бағдарламасының негізгі бағыты – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Ол өзінің әр баяндамасында еліміздің экономикалық және әлеуметтік салаларының дамуына кедергі болып отырған, кең етек жайған сыбайлас жемқорлықты қатаң сынайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив