КӨКШЕТАУДА АНТИКОРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

КӨКШЕТАУДА АНТИКОРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Ақмола облысында үшінші жыл қатарынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамашылық еткен бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы жұмыс істейді.

Жобаның басты және жалғыз мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі процесінде бюрократиялық кідірістер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын болдырмау.

Өңірде жоба іске асырылған сәттен бастап 43 өтініш келіп түсті, оның 19-ы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қалпына келтірілді, 24 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Проблемалық мәселелер жер қатынастары, сәулет, құрылыс, инвесторлық виза алу салаларына қатысты болды.

Мәселен, өңірдегі құрылыс кәсіпорындарының бірі «ОТАУ-Құрылыс» ЖШС көп пәтерлі тұрғын үйдің екі секциясын пайдалануға беру кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан бюрократиялық кедергілерге тап болды. Департамент өкілдері мен Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының мүшелері араласқаннан кейін бұл мәселе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралып, оң шешімін тапты.

«PBI» жобалық кеңсесіне «Вичи» ЖШС-нен Красный Яр ауылында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін (жел электр станцияны) салу үшін жер учаскесін беру кезінде Көкшетау қаласы әкімдігі тарапынан әкімшілік кедергілер туралы өтініш келіп түсті. Департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін кәсіпорынға жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскесін беру туралы қаулы берілді. Қазіргі таңда жел қондырғылары пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда шамамен 682 млрд.теңге сомасына кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 60 келісімге қол қойылды. Оның ішінде 6 жоба - шетелдік инвесторлардың қатысуымен.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым болған жағдайда кәсіпкерлер әрқашан өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласа алатынын еске саламыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив